Понедельник, 25.11.2024, 02:05
Приветствую Вас Гость | RSS

"Александров жалпы білім беретін" КММ

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 40
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0


23:02
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ГАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ПРОВЕЛ ВСТРЕЧУ С ЗАСЛУЖЕННЫМИ ПЕДАГОГАМИ КАЗАХСТАНА

   

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстанның Еңбек ері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарын иеленген еліміздің құрметті педагогтерімен кездесті. Олардың қатарында Аягүл Миразова, Алина Соловьева, Алма Шукыжанова сынды отандық білім беру жүйесінің қалыптасу тарихында еңбегі сіңген, есімдері көпшілікке белгілі ұлағатты ұстаздар да бар.

Қазақстанның Еңбек ері Аягүл Төреқызы Мемлекет басшысының қолдауының арқасында елімізде педагог мәртебесіне ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Дегенмен білім жүйесін одан әрі жетілдіру үшін оны үздіксіз дамыту қажет деген ұстаз, әр мұғалім баланың рухани жан дүниесі бай, адамгершілігі жоғары тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуі керек екенін айтады. 

«Бізге үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан жас ұстаздар балалардың бойына тек академиялық білімді сіңіріп қана қоймай, адами қасиеттері мен моральдық принциптеріне де мән беріп, тәрбиелеуі қажет. Президент ұлттық құрылтайда басымдық берген құндылықтар барлық педагогикалық қауымдастық пен ата-аналар үшін темірқазыққа айналуы тиіс», - деп атап өтті Аягүл Миразова.

Кездесу қатысушылары арасында Қостанай қаласының № 3 мектеп-гимназиясының шетел тілі мұғалімі Зауреш Даумова бар. Зәуреш Сақытбайқызы еліміздің ұстаздары біздің ағартушыларымыздың өсиеттерін ұстанып, олардың мұраларын шығармашылық деңгейде қайта қарастырып, жаңа белестерді бағындыратын болашақ ұрпақтың игілігі үшін заманауи технологиялармен байланыстыратынын атап өтті.

Өз кезегінде министр ұстаздарға бала оқытудағы ерен еңбектері үшін алғыс білдіріп, олардың үздік тәжірибелері  мен парасат-пайымдары өңірлерде таратылуы керектігін айтты.

«Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім болу – мансап емес, жоғарыдан берілген сый» деген еді. Мұғалімнің еңбегі ерен, өлшеусіз. Ал қазіргі педагог – ол көшбасшы, барлық әріптестері үшін үлгі болуы тиіс. «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған мұғалімдер кәсіби сарапшы ретінде мектепті басқару ісіне,  тәрбие жұмыстарына қатысуы қажет», – деді Ғани Бейсембаев.

Оқу-ағарту министрі білім беру саласындағы кейінгі жылдардағы оң өзгерістерге тоқталды. Атап айтсақ, жалақы көлемін ұлғайту, жүктемені азайту, кәсіби біліктілікті арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және т.б. Бүгінгі таңда еліміздегі 2 906 мектепте балалар бір ауысымда білім алуда.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы елімізде алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасын  бекітті.  2021 жылдан бері  46 педагог осы марапатты алса, үш педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағын иеленді.

 

ГАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ПРОВЕЛ ВСТРЕЧУ С ЗАСЛУЖЕННЫМИ ПЕДАГОГАМИ КАЗАХСТАНА

Накануне министр просвещения принял почетных педагогов страны, обладателей высших степеней отличия «Қазақстанның Еңбек ері» и «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы». Это те, чьи имена вошли в историю становления отечественного образования.

Среди них - Аягуль Миразова, Алина Соловьева, Алма Шукыжанова. Вся их педагогическая деятельность посвящена делу совершенствования мастерства учителя.

По словам Героя труда Казахстана Аягуль Тореевны, благодаря поддержке Главы государства сегодня в стране особое внимание уделяется статусу педагога. Но, для совершенствования системы необходимо непрерывное его развитие. Она считает, что основным долгом каждого учителя является способствование становлению ребенка как высокоразвитой духовно-нравственной личности.

«На наших плечах большая ответственность за будущее страны. Поэтому, в качестве наставления, считаю, что молодым педагогам необходимо не только развивать академические знания, но и воспитывать в детях все человеческие качества и моральные принципы. Считаю, что озвученные Президентом на национальном курултае ценности — главный ориентир для всего педагогического и родительского сообщества», – подчеркнула Аягуль Миразова.

Среди участников встречи - учитель иностранного языка школы-гимназии № 3 г.Костаная Зауреш Даумова.  Зауреш Сакытбаевна отметила, что педагоги страны следуют заветам наших просветителей, творчески переосмысливая их наследие и соединяя с современными технологиями на благо будущих поколений, которым предстоит открывать новые горизонты.

В свою очередь, министр поблагодарил присутствующих за их самоотверженный труд, любовь к детям и сопереживание. Он отметил, что их опыт и слова назидания необходимо транслировать в регионах.

«Быть учителем – не служба, а призвание, данное свыше», — говорил Ыбырай Алтынсарин. Труд учителя многогранный, разносторонний и нелегкий. А современный педагог — это лидер и пример для всех коллег. Необходимо, чтобы обладатели высоких званий «Қазақстанның Еңбек ері» и «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» принимали участие в вопросах управления школой, воспитательной работе в качестве отраслевых профессиональных экспертов», – сказал Гани Бейсембаев.

Глава Минпросвещения также подчеркнул позитивные изменения в образовании за последние годы. Это увеличение заработной платы, снижение нагрузки, повышение профессиональной квалификации, модернизация инфраструктуры и др. К слову, на сегодня уже в 2906 школах страны дети обучаются в одну смену.

Отметим, Главой государства впервые в стране учреждена государственная награда «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы». С 2021 года ее обладателями стали 46 педагогов, а трое педагогов являются Героями труда Казахстана.

Просмотров: 41 | Добавил: alxshkola | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Copyright MyCorp © 2024
uCoz